Алматыда 1-2 ақпанда бірқатар көше ішінара жабылады

1-2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді. Осыған байланысты, бірнеше көше ішінара жабылады. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлім етті.

Алматы қаласында осы жылдың 1-2 ақпанында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей үкімет басшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы төрағасының қатысуымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтеді.

Сонымен қатар осы күндері мегаполисте дәстүрлі түрде жыл сайынғы Digital Almaty форумы ұйымдастырылады. Осыған орай, шараның ауқымы мен күтілетін қонақтардың санын ескере отырып, Алматы полиция департаменті 1-2 ақпанда көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылатынын хабарлайды:

- 1 ақпанда әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы, Құлжа тас жолы, Саин, Шаляпин, Майлин, Бұқтырма көшелерінің аймағы жабылуы мүмкін.

- 2 ақпан – әл-Фараби, Сейфуллин даңғылдары, Саин, Жароков, Шаляпин көшелеріне де өзгеріс енгізіледі.

Жол шектеулері қоғамдық көліктердің жұмысына әсер етпейді.

«Азаматтардан уақытша шараларға түсіністікпен қарауды және кептелістерді болдырмау үшін алдын ала бағыттарын реттеуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2343 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
23 декабря родились
кинорежиссёр, продюсер
генеральный продюсер компании Art Center Production
олимпийская чемпионка, глава Центрального спортивного клуба армии
Forbes Video

Нурлан Смагулов: Цены на авто, утильсбор, долги MEGA, «агашки», аукционы, бизнес за границей

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить