Жамбыл облысындағы жолда бірнеше көлік соқтығысып, 19 адам ауруханаға жеткізілді

Жамбыл облысының Жуалы ауданында ауа райының нашарлауына байланысты Тараз қаласынан Түркістан облысына қарай, «Алматы-Ташкент» бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың жабық учаскесінде (567 км) жаппай жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Қазвтожол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметтері бойынша, оқиға «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының бойында сағат шамамен 10:45 кезінде Тараз қаласынан 40 км қашықтықта болған, шамамен 15-20 көлік соқтығысқан. Айта кететін мәселе, аталған жол бөлігінде сағат 10:00 мен 10:30 кезінде көлік қозғалысына енгізілген шектеу уақытша алынған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеңіл, жолаушылар автобустары және жүк көлігімен Б.Момышұлы аудандық ауруханасына түрлі жарақаттармен 19 адам жеткізілген. Оның біреуі бала. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар департаментінің күштері көлік арасында қысылып қалған адамдарды шығарып, өзге де құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаза болғандар жоқ.

Ал, Нұрлыкент ауылының Мәдениет үйіндегі жылыту пунктіне 39 адам жеткізілген, оның ішінде 8-і бала.

Оқиға орнында ТЖД, полиция, Апаттар медицинасы орталығы, жедел медициналық көмек ауруханасы өкілдері көмек көрсетіп жатыр.

Облыс аумағында ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты департамент базасында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Психологиялық қолдау үшін сенім телефонына байланысуға болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4034 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3817
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2475
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3226
23 декабря родились
кинорежиссёр, продюсер
генеральный продюсер компании Art Center Production
олимпийская чемпионка, глава Центрального спортивного клуба армии
Forbes Video

Что будет с банком Bereke?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить