Алматыда жүрекке шағын инвазивті ота жасалды

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығына жүгінген 71 жастағы науқас қатты ентігу мен бүкіл денесіндегі әлсіздікке шағымданды. Тексеру жүргізілгеннен кейін оның қолқа қақпақшасының айқын стенозы анықталды.

Қолқа стенозы - жүрек қақпақшасының тарылуы, ол арқылы жүректен қан қолқаға еніп, одан әрі бүкіл денеге таралады. Қолқа қақпақшасының стенозы кезінде органдар қанның жеткіліксіз мөлшерін алады. Мұндай диагноз қойылғаннан кейін қысқа уақыт ішінде өлімге әкелуі мүмкін қауіпті жағдай. Ауру емделмесе, пациент миокард инфарктісі, ми ишемиясы және инсульт сияқты ауыр әрі өмірге қауіп төндіретін асқыну болуы мүмкін.

Науқасқа шұғыл ота жасау қажет болды. Оған кеуде қуысын кесусіз феморальды артериядағы кішкене пункция арқылы қолқа қақпағы TAVI отасы барысында ауыстырылды. Отаның бұл түрі хирургиялық араласуды кесусіз және ең аз оңалту кезеңімен жүргізуге мүмкіндік береді. Транскатетерлі қолқа клапанын имплантациялау (TAVI) - қолқа клапанын ауыстыратын минималды инвазивті процедура.

«Ота жергілікті ауырсынуды басу арқылы жасалды, бұл пациенттің ота кезінде есін біліп жатуға мүмкіндік беріп, мидың күйін бақылауға және жедел цереброваскулярлық бұзылыс түріндегі ықтимал асқынудың алдын алуға мүмкіндік берді. Төс сүйегінің кесілмеуі, жасанды қан айналымы қажетсіздігі, минималды жарақат және тез қалпына келу - TAVI отасының негізгі артықшылығы. Отадан 3 күн өткен соң науқас ауруханадан үйге шығарылды. Ентігу толығымен жойылып, жалпы әл-ауқаты айтарлықтай жақсарды», - дейді Қалалық кардиологиялық орталықтың интервенциялық кардиологы Айжан Құланбаева.

Мұндай TAVI оталар маңызды, өйткені оны денсаулық жағдайына байланысты ашық жүрек отасын жасай алмайтын науқастарға жасауға болады. Мұндай ота бауыр мен бүйрек қызметі бұзылған, сонымен қатар, жүрек пен өкпенің ауыр дерті бар егде жастағы науқастар үшін маңызды. Себебі жүрекке ашық отаны көптеген егде жастағы адам қатар жүретін аурулардың болуына байланысты шыдай алмайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4267 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4047
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2746
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
24 мая родились
Наталья Годунова
председатель Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета
Куаныш Бектемиров
председатель правления АО «Энергоинформ»
Forbes Video

Казахстанский фастфуд идёт в Россию

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить