Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 530 миллион теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы мәлімдеді.

Облыс прокуратурасы «Жетісай ауданының білім бөлімі» ММ бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды. Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 млн.теңгені құраған.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды» - делінген Түркістан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2191 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4338
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3054
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3795
8 октября родились
Ержан Кистафин
посол Казахстана в Исламской Республике Пакистан
Ерлан Байжанов
посол Республики Казахстан во Вьетнаме, Камбодже и Лаосе
Борис Уманов
председатель правления АО «Страховая компания «Евразия»
Forbes Video

Олжас Сатиев: как воюют украинские и российские хакеры и как от санкций пострадает Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить