Қазақстанның ұлттық павильоны 60-ыншы Венеция өнер биенналесінде ұсынылады

Қазақстан президентінің Италияға ресми сапары аясында Италия Республикасы министрлер Кеңесінің төрағасымен бірлесіп, еліміздің Венециядағы 60-ыншы Халықаралық заманауи өнер биенналесіне қатысуы туралы бірлескен мәлімдеме жасалды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР мәдениет және ақпарат министрілігі әлемнің беделді көрмелерінің бірінде елдің Ұлттық павильонын ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Павильонның комиссары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды.

Ендігі жерде әлемнің түкпір-түкпірінен келушілер көрмеде «Jeruiyq» көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл экспозиция «Jerūiyq» мифтік жер туралы ежелгі аңыздың заманауи интерпретициясы.

Көрмеде қазақстандық өнер тарихындағы алғашқы футуристік туындылардың бірі Камил Муллашевтің «Жер және уақыт. Қазақстан», сондай-ақ Ерболат Төлепбайдың заман рухын көрсететін «Жаңа бала.Қайта туылу» монументалды кенебі.

Сондай-ақ, Сәкен Нарыновтың «Бір жанның алты өмірі» және «Бастаудың соңы немесе соңының басы» эксперименттік жобалары мен Сергей Масловтың «Байқоңыр-2» инсталляциясы ұсынылады.

Биенналеге құрамында Елена Позднякова мен Эльдар Таги кіретін «The2vvo» суретшілер тобы «Қатысу» саунд-инсталляциясымен қатысады, ал суретші Анвар Мүсірепов «Аластау» эксперименталды мистикалық бейне эссесін ұсынады.

Қазақстандық суретшілердің өнер көрмесіне қатысуы «Viled FASHION» ЖШС, «Qazaq oil» ЖШС және «Universal Energy Kazakhstan» ЖШС бас демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Мерейтойлық өнер биенналесі 2024 жылдың 20 сәуірі мен 24 қарашасы аралығында жеті ай бойы Венециядағы «Navale» тарихи ғимаратында өтеді.

Халықаралық өнер көрмесі тұңғыш рет 1895 жылы Венецияда өтіп, өнер әлеміндегі орталық оқиғалардың біріне айналды.

Көрмеге әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен өнерді бағалаушы көрермендер мен мамандар келеді. 2022 жылы оған 800 мыңнан астам адам келді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3606 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Бейбит Алибеков: как совмещать luxury-жизнь и активную гражданскую позицию?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить