Қонаев қаласында тамшылатып суару жүйелерінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт ашылады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрді. Тамшылатып суару әдісі - тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді.

Зауыт – қазақстандық және Қытай кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы. Кәсіпорын қуаты аптасына 500 гектарға дейін жерді тамшылатып суару технологиясымен қамтамасыз етуге жетеді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарда бар.

Одан кейін, Нұржан Нұржігітов Шеңгелді ауылындағы №5 сорғы станциясын аралады. Нысан жеке меншікте. Қазіргі уақытта оны кешенді реконструкциядан өткізіп, мемлекеттік меншікке беру мәселесі пысықталуда. Министр Алматы облысы Райымбек, Кеген, Талғар, Іле, Жамбыл және Ұйғыр аудандары мен Сарыбұлақ ауылының суару желілерін жаңғырту бойынша түзетілген жоспармен танысты. Жобаларды іске асыру мерзімі - 8 айдан 2 жылға дейін.

Сондай-ақ, министр Алматы облысының әкімдігі мен сумен жабдықтау және су үнемдеу саласындағы жетекші қытайлық компаниялардың өкілдері арасындағы кездесуге қатысты. Кәсіпкерлер басқа елдерде жүзеге асырған жаңа әзірлемелері мен жобалары туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімдігі мен қытайлық компаниялар арасында өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша меморандумға қол қойылды.

Шетелдіктермен кездесуден соң, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев және Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен жиналыс өтті. Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, ел аумағында суды жинау және оны үнемдеу бойынша министрліктің жүргізіп жатқан іс-шаралары туралы айтып берді. Баяндамалардан кейін екі министр де жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3930 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Как казахи хотели Чингисхана «украсть»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить