Биыл шағын және орта бизнестің банктік несиелері 900 млрд теңгеден астам сомаға субсидияланады

Қазақстан Үкіметі инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бойынша кешенді жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда қабылданған шаралардың арқасында шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 10%-ға артып, 4,3 млн адамға жетті. Бұл еліміздегі еңбекке қабілетті азаматтарының 45%-ы. Өткен жылдың 9 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 36,5%-ға дейін өсті.

Бизнес жүргізу шарттары айтарлықтай жеңілдетілді. Мысалы, 10 мыңнан астам артық талап алынып тасталды. Тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру нәтижесінде 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулер тағайындалып жатыр. Бұл шара тексерулер санын 2 есе азайтады.

Сонымен қатар мемлекет бизнесті қаржылай қолдау шараларын жүзеге асыруда. Атап айтқанда, биыл 900 млрд теңгеден астам сомаға ШОБ-тың банктік несиелерін субсидиялау және кепілдендіру жоспарланып отыр.

«Бизнестің жол картасы» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары біріктірілгенін ескере отырып, кәсіпкерлікті қолдаудың жаңа тәсілдері әзірленді. Субсидиялаудан кепілдік беру құралдарына және өзге де қаржылық емес қолдау шараларына біртіндеп көшу көзделеді.

Одан бөлек облигациялар мен бірлестірілген несиелер арқылы қаржыландыру құралдары кеңінен қолданылады.

Әкімшілендірудің сервистік моделін енгізуді көздейтін жаңа Салық кодексі бойынша жұмыс жалғасуда. Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау процесі айтарлықтай жеңілдемек. Жалпы салықтар мен басқа да төлемдер саны 20%-ға, ал салық есебі нысандарының саны 30%-ға қысқарады. Бұл ретте өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салық төлеуден босатылады.

Нәтижесінде салық міндеттемелерін орындау жеңілдетіліп, салық жинау тиімділігі артады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2170 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Начинали с базара: как Александр Дериглазов с братом построили империю «Меломан»

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить