Қазақстанның үш облысында 36 жылдан бері болмаған температура тіркелді

Қаңтар айында Қазақстанның үш облысында 1988 жылдан кейін болмаған температура тіркелді. Ай ішінде күн райы жиі өзгерді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

— Қар жауып тұрғанына қарамастан жылы күндерді, күн ашық алайда аязды күндер жиі алмастырып отырды. Айдың алғашқы онкүндігі ерекше жылы болды. Ауа температурасының орташа ауытқуы нормадан 1-13° жоғары болды,- делінген хабарламада.

1 қаңтарда Маңғыстау облысындағы Аққұдық метеостанциясында (МС) күндізгі ауа температурасы +11,1°С-қа дейін көтеріліп, сол күні рекорд болды. Бұған дейін мұндай рекорд 2003 жылы - +8,9°C тіркелген;

8 қаңтарда Ақтау метеостанциясында күндіз ауа температурасы +11,1°C болып, 1988 жылғы рекордты (+4,7°С) жаңартты;

10 қаңтарда Семейдегі станция +6,3°С температураны тіркеп, 1988 жылғы рекордтан (+1,3°С) асып түсті;

Павлодарда ауаның максималды температурасы +3,1°С-қа дейін көтеріліп, 2018 жылғы рекордты (+0,3°С) жаңартты;

Балқашта күндіз ауа +7,1°С-қа дейін жылып, 1988 жылғы бұрынғы рекордты (+1,2°С) жаңартты.

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік облыстарда да ауа райы көктемгідей болды:

10 қаңтарда Таразда күндіз ауа +18,6°С дейін жылып, 2018 жылғы рекордты жаңартты (+9,1°С);

Шардарада ең жоғары ауа температурасы +15,4°С болып, 2004 жылғы рекордты жаңартты (+10,8°С);

14 қаңтарда Алматыда ауаның максималды температурасы +11,3°C болды, соңғы рет бұл күндегі абсолютті максимум 2001 жылы - +10,9°С тіркелген.

Аязды күндер де болды. Айдың екінші онкүндігінде Батыс Сібір аудандары мен Арктика теңіздерінен суық ауа массаларының келуімен еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -25-40°С дейін төмендеді. Ай ішінде елдің солтүстік жартысында жиі қар жауды, ал оңтүстік жартысында жаңбыр жауды.

Республиканың шығысында жауын-шашын айлық нормадан асып түсті:

9 қаңтарда Аягөз қаласында 22 мм қар жауды, айлық норма - 18 мм;

Теректіде – 37 мм қар (айлық норма – 30 мм), 11 қаңтарда Үржарда – 30 мм (айлық норма – 46 мм), Марқакөл МС – 30 мм (айлық норма – 31 мм) жауды.

— Астанада температура климаттық нормадан 2,6°С жоғары болды. Ең жоғары ауа температурасы 10 қаңтарда +1,2°С байқалды. Ең төменгісі 16 қаңтарда -28,4°С. Айдағы жауын-шашын мөлшері 45 мм, айлық норма 18 мм болса, бұл 251% құрады, яғни нормадан 2,5 есе көп, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Бұған дейін аустралиялық және америкалық мұхиттанушылар ежелгі теңіз шығанақтарын зерттей отырып, 1860 жылдардың ортасынан бері Жердегі орташа температура Цельсий бойынша шамамен 1,7 градусқа көтерілгендігінің алғашқы химиялық дәлелдерін алды, бұл БҰҰ сарапшыларының қазіргі бағалауынан айтарлықтай жоғары.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1870 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3967
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2653
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3362
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Берик Каниев: Мы не можем всю жизнь быть сырьевой страной

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить