ІІМ: Бірқатар өңірде жастардың қылмыстық топтары ұсталды

ІІМ жастар арасындағы криминалдық топтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізіп келеді.

Мұндай топтар көбінесе жасырын сипаттағы қылмыстарды жасайды, яғни жәбірленушілер қаскөйлердің қорқытуының салдарынан немесе тағы да басқа себептермен полицияға жүгінбейді.

“Ұрылар” идеологиясын ұстанып, заңсыздыққа жол беретін топтар қоғамдық тәртіп пен азаматтардың құқықтарын өрескел бұзады.

Жақында ғана ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Шымкент және Павлодар қалаларында осындай екі топтың ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.

– Биыл қаңтар айында басқа да бірқатар өңірде осындай ұстаулар жүргізілді.

Мәселен, Шымкентте жедел ақпаратты тексеру барысында университеттердің бірінен үш студентті ұрлау фактісі анықталды. Тексеріс барысында 20 жастағы алты жігіт криминалитет өкілінің ықпалына түсіп, бірнеше бопсалау және өзге де қылмыстар жасағаны анықталды. Бір эпизодта олар үш студентті автокөлікке отырғызып, қаланың сыртына апарған, онда олар күш көрсетіп, мобильдік қосымша арқылы онлайн-несие ресімдеткен және 700 мың теңгені тартып алған. Топтың барлық қатысушылары ұсталды.

Алматы облысында 23 жасқа дейінгі үш тұрғыннан тұратын топ ұсталды, олар 2005 жылы туған қызбен келісе отырып, адамдарды алдап пәтерге апарып отырған. Онда олар жәбірленушілерді күш көрсетеміз деп қорқытып, ақша бопсалаған. Күдіктілер ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Павлодар облысының Ақсу қаласында бопсалау және алаяқтық қылмыстар жасағаны үшін жастар тобы ұсталды, оның қатысушылары қорқыту және алдау арқылы жәбірленушілерді несие ресімдеуге мәжбүрлеген, кейіннен ақша мен тауарларды иемденген. Күдіктілер ұсталып, қамауға алынды.

Ақмола облысында жастар тобының екі мүшесі бұрын жергілікті тұрғыннан жарты миллион теңге бопсалағаны анықталды. Күдіктілердің бірі 2005 жылы туған және ұқсас қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Екінші күдікті қамауға алынып, тергеу жүргізілуде.

Абай облысында студенттерді қорқыту арқылы ақша бопсалаумен айналысқан семейлік жас тұрғындардан құралған топтың қылмыстық әрекеті анықталды. Жәбірленушілердің бірі – жергілікті үниверситеттің екінші курс студенті, өткен жылдың тамыз айынан бастап қаскөйлерге 700 мыңнан астам теңге берген. Күдікті қамауға алынды.

Атырауда жастар тобының мүшесіне қатысты жедел ақпаратты тексеру нәтижелері бойынша екі шолақ мылтық және әртүрлі калибрлі 60 патрон тәркіленді. Ол 2005 жылы туған колледж студенті, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында тұр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1838 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3968
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2653
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3363
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Газиз Абишев: бунт Пригожина, будущее России и Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить