ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» командасы Дубайда өткен халықаралық жарыста қола жүлде алды

ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Сардар» командасы 3-7 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өткен UAE SWAT Challenge 2024 халықаралық сайысында қола жүлде жеңіп алды.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет еліміздің арнаулы бөлімшесінің командасы айтулы халықаралық сайыста жеңіске жетті. Бүкіл әлемнен жиналған 80-нен астам команданы басып озған «САРДАР» тек сайыс қожайындарына - Дубай қаласы полициясының екі командасына ғана жол берді»,-делінген хабарламада.

UAE SWAT Challenge – күштік құрылымдардың арнаулы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы чемпионат. Биыл сайыс бесінші рет өткізілді, оған бүкіл әлемнен келген командалар қатысып, кедергілерден өту, шабуылмен басып алу, кепілге алынғандарды құтқару, жаралыларды эвакуациялау, қару түрлерінен ату секілді күрделі сынақтардан өтті.

Сайыстың барлық кезеңдерінде «САРДАР» үздік тактикалық дағдылар, күш-қуат, төзімділік пен биік рухын танытты. Үшінші және төртінші күндегі нәтижелер бойынша команда сайыстың үздік үштігінен сенімді орын алды.

Чемпионаттың бесінші, шешуші кезеңінде де «САРДАР» жоғары арнаулы және тактикалық әзірлігін және мықты командалық рухын көрсетті.

«ҚР Мемлекеттік күзет қызметі командасының жарқын жеңісі - еліміздің арнаулы мемлекеттік органы жеке құрамының күшейтілген үздіксіз дайындығының, мемлекеттің өркендеуіне және оның қауіпсіздігін сақтауға бағытталған патриоттық тәрбиесінің жемісі. Сайыстың соңғы «Кедергілер жолағы» кезеңінде ойнатылған ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жеке құрамының жаңа әнұраны - «Рух» әуені де команда мүшелерін жеңіске жетелегені анық!»,-деп жазды баспасөз қызметі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2168 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4298
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 3006
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3754
17 сентября родились
Серик Тульбасов
владелец компании TS Development, участник рейтинга богатейших бизнесменов Казахстана Forbes Kazakhstan
Тимур Жаксылыков
первый вице-министр национальной экономики РК
Forbes Video

Глава банка ВТБ (Казахстан) — об уроках пандемии, развитии финтеха и конкуренции с необанками

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить