Досаев: Алматы әкімдігі тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп келеді

«Тау Самалы» шағын ауданында қаза тапқан отбасының қаржылық міндеттемесі өтеледі – Ерболат Досаев

Алматы әкімі Ерболат Досаев қайтыс болған отбасының туыстарына көңіл айтып, жақындарына қандай қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

«Әкімдік жерлеуді ұйымдастыру мен еске алу іс-шараларын өткізу бойынша барлық қажетті көмек көрсетеді. Бұл отбасының шетелде оқитын үлкен ұлы Дмитрий Шиннің оқуына қаржылай қолдау көрсетіледі, сонымен қатар, ата-анасының қаржылық міндеттемесін шешуге жәрдемдеседі», - деді Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында.

Қала басшысы әкімдік Алматы тау бөктеріндегі құрылысты бақылауды күшейту бойынша кешенді жұмыс жүргізіп жатқанын және «Тау Самалы» шағын ауданындағы қайғылы оқиға тиісті шараларды күшейту қажеттігін дәлелдегенін ерекше атады. Мәселен, 2022 жылғы маусымда мәслихат 15 градустан асатын таулы беткейлерде құрылысқа тыйым салуды ұсынды және қолдады.

«Осы норма қабылданған сәттен бастап таулы жерлерде заңсыз құрылыстың анықталған 54 фактіден соттарға 45 талап-арыз берілді, оның 31-і қаланың пайдасына шешілді, 4-еуі қарастырылуда. Қалған 9-ы бойынша ескертулер жойылды немесе құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды және сотқа талап-арыздар дайындалуда», - деді Ерболат Досаев.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Қазіргі уақытта Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына толық сәйкес келетін және қала аумақтарын құрылыс үшін әртүрлі талапбы бар аймақтарға бөлетін егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобалары бекітілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2169 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3966
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2652
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3362
4 апреля родились
Рашит Сарсенов
бизнесмен, участник рейтинга "50 богатейших бизнесменов Казахстана"
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить