Қазақстандық қыздар цифрлық дағдыларды үйренуге мүмкіндік алады

ҚР президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия «Astana Hub» халықаралық технопаркімен және «Techno Women» коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, 16 жастан 25 жасқа дейінгі қыздарға арналған «Tech Girls» бағдарламасының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шөжеева мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан цифрландыру саласында өте дамыған ел. Бізде оффтек, финтек секторлары өте жақсы дамыған, индустрияларда цифрландыру дамып келеді. Бұл қыздар мен әйелдерге үлкен және жаңа мүмкіндіктер береді. Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия еліміздегі әйелдер үшін экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге ерекше назар аударады. Цифрлық технологиялардың көмегімен біздің қазақстандық әйелдер еңбек нарығында өз орнын таба алады», - деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ Ә.Шөжеева былтыр ІТ-Aiel жобасы іске асырылғанын айтты. Қолөнершілерді электрондық коммерция бойынша оқыту, хакатондар, әйелдердің IT-стартап қозғалысына қолдау көрсету шаралары жүргізілуде. АКТ-дағы әйелдердің үлесін 45%-ға дейін жеткізу мақсаты белгіленген.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3171 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
21 декабря родились
основатель и совладелец Chocofamily Holding
Forbes Video

Декларирование: ответы на вопросы

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить