Азия ойындарындағы сапасыз форма: Спортты дамыту дирекциясының басшысы қамауға алынды

Қаржы мониторингі агенттігінің елордалық департаменті Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

2022 жылы Қазақстан құрамасының Азия ойындарына қатысуы үшін Қытайда жасалған сапасы өте төмен спорттық аяқ киім мен рюкзактар сатып алынды.

Бұл ретте оның құны үш есе көтермеленген.

Сонымен қатар, жеткізуші аталған тауардың отандық өнім екені жайлы жалған құжаттарды ұсынған.

Салдарынан мемлекетке 383 млн теңге шығын келген.

Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны "бір реттік" деп атаған болатын.

Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.

ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жарияланбайды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3981 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2471
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3223
21 декабря родились
основатель и совладелец Chocofamily Holding
Forbes Video

Айдын Аимбетов: Я готовился шесть лет, чтобы полететь в космос

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить