Грекияның Қаржы министрімен Қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенция жасасу мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасының Грекиядағы Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Грекияның Экономика және қаржы министрі Константинос Хадзидакис қаржы және салықтық әкімшілендіру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР СІМ. 

Елші сұхбаттасушыны екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың дамуы туралы хабардар етіп, Қазақстан-Грекия Іскерлік Кеңесінің ашылғанын және 2023 жылдың нәтижесі бойынша 2,2 млрд. АҚШ долларын құрайтын екіжақты сауданың рекордтық көлеміне қол жеткізгенін атап өтті. Оның пікірінше, екі ел арасындағы іскерлік байланыстың күшеюі іскерлік қауымдастықтың қосарланған салық салуды жою туралы сұрауын тудырады.

Өз кезегінде Министр грек тарапының қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы екіжақты конвенцияны жасау бойынша келіссөздерді бастауға дайын екенін растады.

Тараптар Қазақстан мен Грекияның ЭЫДҰ-ның Салық туралы келісімдерге қатысты шараларды іске асыру жөніндегі көпжақты конвенцияның қатысушысы болуы екіжақты құжат жобасын келісу үдерісін жеделдететінін атап өтті.

К.Хадзидакис ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік салаларын басым деп атап, Грекияның Қазақстанмен саяси, экономикалық және коммерциялық байланыстарды жандандыруға мүдделі екенін мәлімдеді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4220 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить