Киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстар тоқтатылды

Бүгінгі таңда киік Қазақстанда тұяқты жануарлардың ең кең тараған түрі болып табылады. Еліміздегі барлық басқа тұяқты жануарлардың жалпы саны 200 мыңнан аспайды. Мысалы, тұяқты жануарлардың киіктен кейінгі саны бойынша екінші түрі - еліктің саны 95,5 мың басты құрайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. Данияр Тұрғамбаев хабарлады.

«Аңшылық шаруашылығы субъектілерінің жыл сайын аң аулау объектісі болып табылатын тұяқты жануарлар түрлерінің санынан осы жануарлардың популяциясына болмашы зиян келтірмей, тіркелген санының 40% дейін бөлігі алынады. Бұл ретте киік ресурстарының кәсіпшілік игеру тетіктерін анықтау үшін шектеулі реттеуді «Охотзоопром» РМҚК мамандарымен эксперименттік негізде жүргізу ұсынылады. Барлық реттеу кезеңінде табиғаттан алынған киіктердің жалпы саны 42 мыңнан асты», – деді спикер

Бүгінгі күні Қазақстанның ғылыми қоғамдастығының, xалықаралық сарапшылардың ұсыныстарын ескере отырып, Министрлік осы жылдың 10 ақпанынан бастап киіктердің санын реттеу бойынша жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады. Ведомство жергілікті xалықтың өз қажеттіліктері үшін жиналған өнімді жеке тұтынуды қанағаттандыру мақсатында 2024 жылдан бастап киікке әуесқой аңшылық ашу мәселесін қарастыруда.

Айта кету керек, әуесқойлық аңшылық саласындағы қолданыстағы 5 нормативтік-құқықтық актіге өзгерістер мүдделі мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және қоғаммен талқыланып, қабылданатын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4141 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3918
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2592
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3323
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить