Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына жаңа басшы келді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның бұйрығымен Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры директорының міндетін атқарушы лауазымына Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова тағайындалды.

Театрдың баспасөз қызметі жаңа басшыны театр ұжымына Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов таныстырғанын хабарлады. Құттықтау сөз алғандар қатарында опера труппасының көркемдік жетекшісі Болат Бөкенов ұжым атынан Айнұр Сайлаубайқызына өзінің тілегін білдіре келе, алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Айнұр Сайлаубайқызы Көпбасарова - 1975 жылы 7 ақпанда дүниеге келген.

1990-1995 жылдары Жамбыл педагогикалық институтында (Тараз қаласы) филология мамандығы бойынша білім алған. 1995-1996 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Алматы қаласы) магистратураны; 1996-1999 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аспирантураны бітірген.

2010-2021 жылдары «Idea Fabric» ЖШС-да бас продюсер болған. 2022 жылы тамыз айынан бастап «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК көркемдік жетекші, 2021-2022 жылдары «Түркістан музыкалық драма театры» МКҚК директор, көркемдік жетекші болды.

«Құрмет» ордені, «Қазақстан Тəуелсіздігіне 30 жыл» төсбелгісі, «ҚР мəдениет саласының үздігі» медалі, «Құрмет» грамотасы, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2935 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
21 мая родились
Ерболат Досаев
аким Алматы
Forbes Video

Что будет с экономикой Казахстана в 2021 году? Мнение экспертов

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить