Алматының орталығында Журналистер сквері қайта жаңғыртылды

Алматыда көптеген тұрғынның сүйікті орнына айналған ҚР Орталық мемлекеттік музейінің жанындағы Журналистер скверін реконструкциялау аяқталды.

Сквер аумағы 1,3 га, дені жасыл желектермен және гүлзарлармен көмкерілген. Саябақ аймағының орталығындағы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиевтің ескерткішінің айналасында жан-жаққа бастайтын 9 соқпақ жол бар.

1997 жылы салынған сквер жаңартуды қажет еткен, себебі бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соқпақ жолдардың жабыны бұзылған еді. Ескерткіштің айналасындағы аумақтың да жабынын ауыстыру қажет болатын. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері жарамсыз болып, аумақты көгалдандыруды жаңарту қажеттігі туындаған.

Реконструкция аясында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді, 12 жаңа орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды, 3,8 мың бұта мен 10 туя ағашы отырғызылды. Сонымен қатар, Меңдіқұлов көшесіне қарай қосымша жаяу жүргіншілер жолы құрылды.

Бүгінде бұл жаяу серуендеуге, көкке шығуға және балалармен демалуға ыңғайлы жаңартылған сквер.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2894 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
20 мая родились
Нурлан Сауранбаев
председатель правления НК «Казахстан темир жолы»
государственный деятель, экс-госсекретарь Республики Казахстан
Forbes Video

Зачем Bereke Bank сменил имидж

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить