Жамбыл облысының прокурорлары алимент төлемей жүрген әкелерден 300 млн теңге өндірді

Жамбыл облысының жеке сот орындаушылары 2023 жылы алименттен жалтарып жүрген 27 548 баланың әкесінен 1 млрд теңгені құрайтын қарызды қайтарып алды. Ол үшін 19 589 атқарушылық құжат рәсімделген. Бұл туралы Жамбыл облысының прокуратурасы мәлім етті.

Прокурорлар 12 832 кәмелетке толмаған баланы асырауға жұмсалатын 300 млн теңгеден астам қарыздың өтелуіне атсалысты.

Облыс прокуратурасы ӘҚБтК-нің 669-бабы негізінде алимент бойынша 76 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартты (ондағы берешек сомасы 25 миллион теңгеден астқан).

56 адамға әкімшілік қамауға алу (алимент бойынша қарыз 17 млн теңге), ал 20-на әкімшілік айыппұл (8 млн теңге қарыз) қолданылды.

«Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес 10 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Үш борышкерге қатысты сот үкімі шығарылды, 6 тараптың татуласуына және қарызды өтеуіне байланысты тоқтатылды. Екеуі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, ал қалған екеуі сотқа жіберілді» - делінген хабарламада.

Прокуратураның көмегімен 68 борышкер жұмысқа орналастырылған. 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3424 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3964
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2649
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3359
Forbes Video

Раимбек Баталов: санкции, переезд российского бизнеса, помощь предпринимателям

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить