Резиденцияда Қазақстан президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Қатардың әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»