Жамбыл облысында заңсыз аң аулағандар құрықталды

Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің қызметкерлері мен мамандандырылған «Сапсан» жедел қызметінің инспекторлары жыл басынан бері рейдтік іс-шаралар барысында ҚР Қызыл кітабына енгізілген қарақұйрық аңын заңсыз ату бойынша 3 дерек анықталған.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мемлекетке келтірілген залал көлемі 13292,0 мың тенгені құрады.

Сала қызметкерлері жамбылдықтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығымен бекітілген Аң аулау қағидаларын сақтауды ескертеді. Заңсыз аң аулаған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне сәйкес айыппұлдар қарастырылған.

Бұдан өзге, ҚР Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарларды аулаған жағдайда ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3720 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2745
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3451
22 мая родились
Асылбек Кожахметов
президент Almaty Management University (AlmaU)
Forbes Video

Андрей Мовчан: мигранты, курс рубля, инфляция

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить