Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы жаңа киноөндіріс маусымын ашты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақ киносының негізін қалаған, аты аңызға айналған Шәкен Аймановтың 110 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік шара кино жұлдыздары, режиссерлер, продюсерлер және БАҚ өкілдерін бір алаңға жинады.
«Қазақфильм» киностудиясы заманауи қазақ киносының сан қырлылығын көрсететін, бірегей ой мен идея көтеретін тоғыз жаңа киножобасын ұсынды. Бұл жобалар Қазақстанның әлемдік кинокартадағы орнын нығайтып қана қоймай, еліміздің мәдениеті мен өнерінің дамуына маңызды үлес қоспақ. Іс-шара заманауи кинематография үшін өзекті «кино маусымы» түсінігінің маңызын айқындай түсті.
«Бүгін бастау алған «кино маусымы» киножобалардың прокаттағы кезеңдік өзгерістерін көрсетіп қана қоймайды, киноөндірістегі жылдың ең күткен, маңызды туындылары көрермен назарына ұсынылатын жаңа кезеңнің басталуын білдіреді. Алдағы маусым – киноиндустрия үшін Қазақстанның кинематография өнерін өрістетудегі даму тенденцияларын, жаңа есімдер мен креативті тәсілдерді анықтайтын есеп беру кезеңі», — деді Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының президенті Азамат Сатыбалды.
Жаңа «кино маусымының» басталуы сала мамандары үшін де, қалың көрермен үшін де маңыздылығы аталып өтті. Бұл – қазақстандық киноның ұлттық мәдени мұраларды сақтап қана қоймай, жаңашылдық енгізу, дәстүрлі киноның шекарасын кеңейту арқылы белсенді дами алатын қабілетін көрсететін кез. Іс-шара аясында түрлі сала мамандарының өзара байланысы Қазақстан кинематография қоғамдастығының жаңа міндеттер мен жетістіктерге дайындығын растай отырып, қазақ киносындағы дәстүрлер мен инновацияларға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»