ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Жапонияның Нагоя Университеті медициналық кадрларды даярлау туралы келісті

Денсаулық сақтау министрлігінің Нагоя университетінің (Жапония) профессоры Эйко Ямамото ханыммен кездесуі шеңберінде денсаулық сақтау жүйесі үшін кадрлық әлеуетті арттыру және медициналық білім беру саласындағы әріптестікті кеңейту саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

"Жапониямен, Сіздің еліңіздің Қазақстандағы елшілігімен бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынастарды ескере отырып, біз сіздің прогрессивті тәжірибеңіз бен біліміңізді қабылдау үшін жас дәрігерлерді, жаңа формациядағы денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау ісінде әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуға дайынбыз", - деп атап өтті министр.

Профессор Эйко Ямамото денсаулық сақтаудың жас көшбасшылары бағдарламасының шеңберінде бір жылдық оқу бағдарламасы туралы айтты.

"Бұл мемлекеттік қызметке, әсіресе Азия елдері министрлігінің қызметшілеріне, соның ішінде Қазақстанға арналған магистратура мамандығы бойынша бағдарлама. Бұл бағдарлама 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келеді, бағдарлама қоғамдық денсаулыққа бағытталған, тек оқыту сегменті ғана емес, сонымен қатар Жапонияның денсаулық сақтау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін және пәрменділігін көру үшін ауруханаларға, госпитальдарға, дәріханаларға және басқа да медициналық ұйымдарға бару сегмегті де бар", - деді Ямамото ханым.

Кездесуді қорытындылай келе, министр әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, пул - жастар кадрлық резерві құрылатынын атап өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5838 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4045
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2743
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3450
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Forbes Kazakhstan продолжает серию интервью в рамках рубрики Q&A. На этот раз бизнес-аналитик Батырхан Тогайбаев поговорил с известным отечественным бизнесменом Кайратом Мажибаевым

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить