Инвестициялық штаб отырысында 2024 жылға арналған инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы қаралды

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті, Primeminister.kz.

Сауда және интеграция министрлігі сауда саласындағы инвестицияларды ынталандыруға бағытталған шаралар туралы есеп берді. Оң нәтижелер көрсететін сауда нарықтарын жаңғыртуға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар отырыста 2023 жылы іске асырылып жатқан инвестициялық жобалардың Жалпыұлттық пулы бойынша жұмыс барысы талқыланды. Өткен жылы пул аясында 1,78 трлн теңгеге 298 жоба пайдалануға беріліп, 26,2 мың жұмыс орны құрылды. Инвестициялық пул санын ұлғайтуға және мемлекеттік органдардың іске асыру мерзімдерін өзгертпей жұмыс істеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Бұдан басқа Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Индустрияландыру картасына жобаларды енгізу рәсімдерін жеңілдету бойынша тәсілдері мақұлданды, денсаулық сақтау, энергетика және жер қойнауын пайдалану саласындағы жекелеген инвестициялық жобалар мәселелерін шешу бойынша тапсырмалар берілді.

Өңірлік деңгейде Алматы және Атырау облыстары әкімдіктерінің инвестициялар тарту жөніндегі жұмысы қаралды. Өңірлерге жаңа инвестициялар тарту және жоспарланған жобаларды әрі қарай орнықтыру үшін салаларды әртараптандыруды арттыру қажеттігі атап өтілді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4762 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3962
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2644
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3357
28 марта родились
председатель совета директоров ТОО «КазАзот»
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить