2020 жылдан бастап республикалық автожолдарда су тасқыны қаупі бар учаскелер саны 20%-ға азайды

ҚР Көлік министрлігі автомобиль және теміржолдардың су басып, шайылып кетуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдап жатыр. Үкімет отырысы барысында көлік министрі Марат Қарабаев Премьер-Министрге автомобиль және теміржолдардың дайындығы туралы баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Соңғы 3 жылда республикалық автожолдарда су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны 20%-ға қысқарды. Биыл тәулік бойы кезекшілік және күнделікті патрульдеу су тасқыны қаупі бар 396 учаскеде, 68 көпірде және 650 су өткізу құбырларында ұйымдастырылды. Еріген суды өткізу үшін су өткізгіш құбырлардың саңылауларын ашу және қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Жедел шаралар қабылдау үшін барлық өңірде 10 мың текше метр құм, 3 мың текше метр қоқыс тас, 2 мың текше метр қиыршық тас және 49 мың қап дайындалды.

Су тасқыны қаупі бар учаскелерде автожолдарды реконструкциялау шеңберінде учаскелердің бұзылуын болдырмау және автомобильдердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету үшін жасанды құрылыстарды қосымша орнату, су өткізу құбырларының диаметрлерін және олардың санын ұлғайту, сондай-ақ жер төсемі үйіндісінің биіктігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Теміржол саласында «Мұзжарғыш пен тасқын суларды өткізуге жол мен жасанды құрылыстарды дайындау туралы» бұйрық бекітілді. Оған сәйкес ҚТЖ және ТЖМ аумақтық органдары теміржол төсемінен жоғары орналасқан 83 су қоймалары мен бөгеттердің жай-күйін тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Су тасқыны кезеңінде шаралар қабылдау үшін шамамен 2,6 мың текше метр тас, 8 мыңнан астам кондициялық емес темірбетон шпалдар, 145 құбыр және басқа да қажет материалдар дайындалды. Су тасқыны жағдайы бақылауда, автомобиль және теміржолдардың шайылып кетуіне жол бермеу бойынша барлық қажетті шара қабылданып жатыр», - деді Марат Қарабаев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4919 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3961
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2643
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3355
28 марта родились
председатель совета директоров ТОО «КазАзот»
Forbes Video

Ударят ли санкции по Казахстану?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить