Жыл басынан бері су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25% өсті

Биыл 450-ден астам су саласының маманы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылы су саласының 450-ден астам қызметкері мамандандырылған орталықтардың жанындағы біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Бүгінгі таңда министрлік су саласы мамандарының біліктілігін арттыру қағидаларын әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, Су ресурстары және ирригация министрлігі жанынан су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру және ирригация саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес құрылды. Кеңестің ережелері және кәсіптік стандарттарды өзектендіру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді, оның негізінде су саласының мамандарын даярлау жөніндегі білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

«Өңірлердегі студенттер су шаруашылығы ұйымдарында өндірістік практикадан өтіп, одан әрі жұмысқа орналасуы үшін ЖОО-лармен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасауды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, осы жылдан бастап кейбір су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25%-ға өсті. Мұндай іс-шаралар су саласындағы мамандықтардың беделін арттырып, студенттерді магистратура мен докторантурада оқуын жалғастыруға, ал саладағы мамандарды біліктілігін арттыруға, оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша да білімін шыңдауға ынталандыруы тиіс, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2967 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3962
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2644
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3357
28 марта родились
председатель совета директоров ТОО «КазАзот»
Forbes Video

Досым Сатпаев: продукты системы Назарбаева

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить