Астанада қоғамдық көлікте жол жүру тарифін көтеру жоспарлануда

Порталда ашық НҚА Астана әкімдігі қаулысының жобасын жария талқылауға шығарды. Соған сәйкес, қалалық қоғамдық көлікте жол жүру ақысын арттыру жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Құжатқа сәйкес, қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 90 теңгеден 110 теңгеге дейін арттыру ұсынылады.

Айта кетейік, қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленген болатын.

Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация жасау.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар бұл жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек еткен жылдары бойынша зейнетке шыққандар, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көпбалалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
3003 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3962
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2644
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3357
28 марта родились
председатель совета директоров ТОО «КазАзот»
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить