Қазақстан мен Испания жерасты суларын барлау саласында ынтымақтастық орнатуға ниетті

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Испанияның Қазақстандағы елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті. Тараптар жерасты суларын барлау саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Елшімен бірге кездесуге пайдалы қазбалар мен басқа да ресурстардың, соның ішінде судың егжей-тегжейлі картасын жасаумен айналысатын испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясының өкілдері де қатысты. Бұл мәліметтер жерасты суларының орындарын барлау үшін пайдаланылуы мүмкін, сонымен қатар оларды іздеу шығындарын азайтады.

Испандық кәсіпкерлердің айтуынша, олардың технологиялары Австралияда, Канадада, АҚШ-та және Еуропада кеңінен қолданылады. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар бірлескен жобаларға гранттар мен қаржыландыруды тартуға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

«Біз экономикада және ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында қайта қалпына келетін жерасты суларын пайдалану үлесін жоспарлы түрде ұлғайтуды мақсат етіп отырмыз. Сондықтан Испанияның су ресурстарын барлау тәжірибесі өте пайдалы болуы мүмкін. Биыл біздің мемлекеттеріміздің стратегиялық әріптестігіне 15 жыл толады. Су - стратегиялық ресурс, сондықтан біз екіжақты ынтымақтастықтың барлық мүмкін бағыттарын міндетті түрде қарастырамыз», - деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4689 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3962
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2644
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3357
Forbes Video

Стрит-арт культура в Казахстане. Есть ли будущее?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить