«ҚазМұнайГаз» Karaton Operating Ltd компаниясының 50% үлесін «Татнефтьке» сатады

ҚазМұнайГаз» бен «Татнефть» биыл «Қаратон Подсолевой» учаскесінде геологиялық барлауды бастайды. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ Атырау облысындағы «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін бірлескен кәсіпорынның негізін қаламақ.

Бұл туралы келісім 2024 жылы 21 ақпанда Қазан қаласында жасалды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Татнефть» ЖАҚ Сатып алу-сату шартына, Акционерлер келісіміне және «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша қаржыландыру туралы келісімге қол қойды.

«ҚазМұнайГаз» Сатып алу-сату шарты бойынша Karaton Operating Ltd («Қаратон Подсолевой» жобасының операторы) компаниясының 50% үлесін «Татнефть» ЖАҚ-қа сатады. Құжаттарға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов қол қойды.

«Мемлекет басшысы шикізат секторы мен геологиялық барлауға шетелдік инвестиция тарту туралы міндет қойды. Осыған байланысты біз бірқатар инвестормен келіссөз жүргіздік және «Қаратон Подсолевой» жобасы бойынша серіктесіміз геологиялық барлау және мұнай-газ кен орындарын игеру саласында тәжірибесі мол «Татнефть» компаниясы атанғанына қуаныштымыз. Тереңдігі 5500 метр болатын алғашқы барлау ұңғымасын бұрғылау 2024 жылға жоспарланып отыр», - деп атап өтті М. Мырзағалиев.

«Қазақстандық әріптестерімізбен түрлі бағыт бойынша өзара тиімді байланыста жұмыс істеп келеміз және бұл жемісті ынтымақтастығымыздың ауқымы кеңейіп келе жатқанына қуаныштымыз. «ҚазМұнайГазға» әріптестік бойынша ұсыныс, оның ішінде геологиялық барлау саласындағы серіктестікке шақырғаны үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті Н.Маганов.

«Қаратон Подсолевой» учаскесі Атырау және Маңғыстау облыстарында «Ембімұнайгаз» АҚ кен орындарының жанында орналасқан.

2023 жылы маусымда «ҚазМұнайГаз» «Қаратон Подсолевой» жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерді барлауға және өндіруге келісімшарт алды. Ал 2023 жылы қыркүйекте жобаны іске асыру үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығының аумағында Karaton Operating Ltd жеке компаниясы тіркелді. Сол жылы қарашада ҚМГ жер қойнауын пайдалану құқығын Karaton Operating Ltd пайдасына берді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2896 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3957
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2639
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3352
26 марта родились
Дархан Сатыбалды
аким Туркестанской области
Сергей Хорошун
заместитель управляющего делами президента Республики Казахстан
Forbes Video

Антон Долин: отъезд из России, коллеги по «Вечернему Урганту», русское кино во время войны

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить