Жамбыл облысында өнеркәсіптік мақсатта ұлуларды өсіру қолға алынады

Итальяндық «Lumacheria Italiana» компаниясы Жамбыл облысында биылғы жылы өнеркәсіптік мақсатта ұлулар өсіруді қолға алуды жоспарлап отыр.

Облыс әкімінің кеңесшісі Дәулетқожа Мамыровпен өткен кездесуде компания өкілдері Жамбыл облысы қолайлы климаттық жағдайлармен қамтамасыз етілгенін атап өтіп, бұл өнеркәсіптік бағытта ұлуларды әлемдік нарыққа қарағанда 4 есе арзанға өсіруге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Аталған жоба жергілікті «Meragro» компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады. Итальяндық компания жобаны бірнеше кезеңге бөлуді ұсынды. Атап айтқанда, облыс аумағында ұлулар өсіруді жолға қою, инкубатор салу, олар үшін жем-шөп өндірісін бастау және ұлу етін өңдейтін кәсіпорын салу кезеңдерін қарастырып отыр.

Жоба бойынша алғашқы кезеңдерде инвестиция көлемі 2 млн. еуродан асады. Бастысы, компания жергілікті шаруаларды оқытуға дайын.

Жалпы, косметологияда ұлулар шығаратын қабық пен кілегей шырыш қолданылады. Ал, ұлу еті – бұл ерекше өнім және ол әлем елдерінде үлкен сұранысқа ие.

Айта кетейік, Жамбыл облысы Орталық Азия бойынша ұлуларды алғаш рет өнеркәсіптік өсіретін өңір атанбақ.

Ал, «Lumacheria Italiana» компаниясы ұлулар өндірісінде әлемдік көш бастап тұр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
2849 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4285
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2980
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3742
11 сентября родились
Наби Айтжанов
генеральный директор ТОО «Казахстанские коммунальные системы»
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить