Түркістан облысында із-түссіз жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды

 Мойынындағы көп қарызынан қорқып, ата-анасына айтуға батылы жетпеген жігіт көршісіне ескертпестен оның үйінде жасырынып жүрген. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын өзінің 23 жастағы ұлының сағат 21:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлаған.

Ата-анасы ұлын бір күн бойы іздеп, нәтиже болмаған соң полицияға хабарлаған.

«Тәртіп сақшылары бірден жоғалған ер азаматты іздеуге жұмылдырылды. Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көше мен аулаларды мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастырды» - делінген хабарламада.

Екі күнге созылған жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ғайып болған жігіт көршісінің үйінен табылды. Тәртіп сақшылары анықтағандай, 23 жасар жігіттің жеке басында үлкен сомада қарызы болған. Ол жағдайды ата-анасына жеткізуге қорқып, көршісіне айтпастан оның үйінде тығылып жүрген. Бүгінде оқиғаның толық мәнжайы анықталып жатыр. Іздеуге ат салысқан полицейлерге ата-анасы алғысын айтып, ризашылықтарын білдірді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4638 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2742
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3449
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Израильский архитектор Роман Шнайдерман стал казахстанским фермером

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить