Астанада қазақ-тай ынтымақтастығы талқыланды

 Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева Таиланд Корольдігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Джаккапонг Сангмани бастаған тай делегациясымен кездесу өткізді.

Тай делегациясының құрамына тамақ өнеркәсібі, денсаулық сақтау, білім беру және консалтинг сияқты салаларды қамтитын 10-нан астам кәсіпкерлер кірді.

Келіссөздер барысында тараптар екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының ағымдағы жағдайы мен одан әрі дамыту келешегін талқылады. Тай делегациясының мүшелеріне еліміздегі инвестициялық ахуал мен сауда ынтымақтастығының перспективалары таныстырылды.

Тараптар 2022 жылмен салыстырғанда (270,6 млн АҚШ долл.) 36% өсіп, шамамен 370 млн АҚШ долларын құраған 2023 жылғы өзара тауар айналымының рекордтық көрсеткішін атап өтті.

Делегация басшылары өзара сауданы нығайтуға мүдделік танытып, ауыл шаруашылығы, туризм, медицина, энергетика және тамақ өнеркәсібі бағыттары бойынша инвестициялық ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар туралы пікір білдірді.

Іс-шара қорытындысы бойынша «Сауда саясатын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы (QazTrade) мен Таиландтың Сауда кеңесі арасында Сауданы дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5797 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3954
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2635
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3350
25 марта родились
Ерулан Жумаубаев
министр финансов РК
Алихан Байменов
председатель управляющего комитета Регионального хаба в сфере государственной службы
Forbes Video

Dream Team House переезжает в Казахстан?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить