Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізетін арнаның жолы кесілді

Полиция қызметкерлері кешенді жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде Жамбыл облысы Шу ауданынан Алматыға есірткі жеткізу арнасын жолға қойған тұрақты қылмыстық топқа тосқауыл қойды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-тергеу топтары арнайы мақсаттағы бөлініс жауынгерлерімен бірлесіп, құрықтау операциясын бір уақытта Алматы қаласы мен Алматы облысында іске асырды. Ұйымдастырушы және марихуана мен гашишті заңсыз өткізуге қатысы бар 11 адам анықталды. Олардың қатарында сатушы мен сатып алушылар, тасымалдаушылар, үй-жайларды жалға алушылар мен өлшеп ораушылар бар.

– Тінту барысында целлофан пакеттерге салынған 40 кг марихуана мен 15 кг гашиш және күдіктілердің қылмыстық бизнеске қатысы бар екенін растайтын ұялы телефондар табылып, тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялануға жатпайды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5279 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3954
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2634
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3350
Forbes Video

ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить