Министрлік: биыл мектептердің 80%-на дейін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша орта білім беру ұйымдарын жоғары жылдамдықтағы және тұрақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Биыл интернетпен қамту 65%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылады.

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бұл шара оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған.

«Мектептерде жоғары жылдамдықы интернетті қамтамасыз етудің бірнеше маңызды артықшылықтары бар. Біріншіден, бұл оқушылар мен мұғалімдерге үлкен көлемдегі ақпарат пен білім беру ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді, оқу процесі мен ой-өрісті кеңейтуге ықпал етеді. Екіншіден, жоғары жылдамдықтағы интернет түрлі онлайн-платформалар арқылы басқа мектептермен және білім беру мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, коммуникацияны дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді», - деп атап өтті цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Айта кетейік, министрлік қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғырту, желілік қамтуды кеңейту, деректерді беру жылдамдығын арттыру және шалғай, тұрғыны аз аудандарда интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету сияқты түрлі шараларды жоспарлауда.

Осыған дейін министрлік 5 425 мектептің жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылғанын мәлімдеген еді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5252 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3955
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2636
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3350
25 марта родились
Ерулан Жумаубаев
министр финансов РК
Алихан Байменов
председатель управляющего комитета Регионального хаба в сфере государственной службы
Forbes Video

Как в Темиртау пустили Миттала, а не Абилова

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить