Қарағанды облысының мектептерінде жарамдылық мерзімі өткен дәрі-дәрмектер сақталған - прокуратура

Қарағанды облысының мектептерінде медицина саласы бойынша заңбұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, прокурорлық тексеру барысында медициналық қызмет көрсетпеу, сонымен қатар жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттарды сақтау фактілері анықталды.

2022 жылдан бастап Қарағанды қаласының мектептерінде 3 мыңға жуық оқушыға медициналық қызмет көрсетілмегені анықталды.

Мектептердің бірінің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрлерінде шұғыл емдеудің бір бөлігі ретінде қолданылатын, жарамдылық мерзімі өткен, «Преднизолон» ампулалары сақталған.

«Облыстың басқа мектептерінде жарамдылық мерзімі 5-7 жыл бұрын өтіп кеткен дәрілік препараттар табылды. Осыған қарай тиісті шаралар қолданылып, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жойылды, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылып, 7000 баланың құқығы қорғалды», - делінген хабарламада.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5236 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2742
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3448
19 мая родились
Бейбут Атамкулов
посол РК в Узбекистане, экс-министр индустрии и инфраструктурного развития РК
Алик Айдарбаев
государственный деятель, экс-аким Мангистауской области
Forbes Video

Главы крупнейших частных школ Казахстана о том, растет ли качество среднего образования в стране

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить