Нұрбек пен Швыдкой екі елдің ғылымы мен жоғары білімін дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ресей Федерациясы президентінің халықаралық мәдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкоймен кездесу өткізді.

Кездесу барысында достық қарым-қатынастағы екі елдің ғылым және жоғары білім бағытындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Ведомство басшысы отандық ғылымның соңғы жетістіктеріне, шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарына, жоғары білім беруді жаңғыртуға және ғалымдарға арналған бағдарламаларға егжей-тегжейлі тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар көрші мемлекеттердің студенттері сапалы және қолжетімді білім алу шарттарын жақсарту туралы уағдаластыққа келді.

Ресей Федерациясы президентінің арнайы өкілі Михаил Швыдкой қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігі жүргізіп жатқан трансформация туралы айтты.

Кездесу соңында Саясат Нұрбек Қазақстан мен Ресей арасында ғылым мен жоғары білім саласында көпжылдық жемісті ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті.

Сонымен қатар, серіктестік аясында Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасындағы филиалдары ашылды. Қазір жұмысты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің базасында «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университетінің, Utebayev University базасындағы И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің (ҒЗУ) филиалдары, сондай-ақ М.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің базасында Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің өкілдігі белсенді жүзеге асуда. Ағымдағы жылдың күзінде Д.И.Менделеев атындағы РХТУ филиалы ашылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
5200 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3448
18 мая родились
Калмуханбет Касымов
экс-начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан
Олжас Сулейменов
писатель, общественный деятель
Forbes Video

Владелец Line Brew: первое за 10 лет интервью

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить