Қарағанды облысында азық-түлік тауарларының бағасы қалай реттелуде

Қарағанды облысында ең қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасы негізсіз өсуі тіркелмеген. Бөлшек сауда нысандарында заңмен рұқсат етілген үстеме 15% сақталуда.

 

Қарағанды облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін қандай шаралар қолданылып жатқаны жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі платформасында өткен брифингте Кәсіпкерлік басқармасының басшысы Ирина Любарская және ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Бошпанов айтып берді.

Өңірде бағаны реттеу үшін бірнеше тетіктер қолданылады: өңірлік тұрақтандыру қоры құрылады, өндірушілерге айналым схемасы бойынша несиелер беріледі, меморандумдар жасалады.

– "Сарыарқа" ӘКК бағасын тұрақтандыру үшін 2219 тонна бакалея өнімі, оның ішінде 404 тонна күріш, 422 тонна қант, 73 тонна қарақұмық жармасы, 90 мың литр күнбағыс майы, 1230 тонна бірінші сұрыпты ұн жеткізу туралы келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, 690 тонна картоп, 274 тонна сәбіз, 520 тонна пияз және 222 тонна қырыққабат үшін несие шарттары жасалды, – деді Сырым Бошпанов.

Айналым схемасы шеңберінде әлеуметтік нан 90 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн – 154 тг./кг және макарон – 245 тг./кг сатылады. "Құрма" агрофирмасы" құс фабрикасы дүкендерге он дана жұмыртқаны 480 теңгеден жеткізеді.

Кәсіпкерлік басқармасы күнделікті негізде біздің облыста өндірілмейтін әлеуметтік маңызы бар өнімдердің болуы мен бағасына мониторинг жүргізеді. Бұл 19 атаудың 5-і: қант, тұз, қарақұмық жармасы, ұнтақталған күріш, өсімдік майы.

Қалалар мен аудандардың әкімдіктері сауда ұйымдарымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне ең төменгі сауда үстемесі – 5–10% бооатыны туралы 2832 меморандумға қол қойды.

– 400-ден астам әлеуметтік бұрыштар мен сөрелер құрылды, онда бұл өнімдер ең төменгі бағамен ұсынылған. 20-дан астам әлеуметтік павильондар жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері 50-ден астам жаңа сауда нысандары іске қосылды, олармен бірден ӘМАТ-қа ең төменгі үстемеақы туралы меморандумдар жасалады, – деді Ирина Любарская.

Тұрғындар бағаның негізсіз өсу фактілері туралы сенім телефонына хабарлай алады: (8-7212) 50-38-75. Шағымды фото және чекпен растау қажет. Мамандар бағаның өсуінің әрбір жағдайын тексереді.

Аймақта делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия да жұмыс істейді. Жыл басынан бері алты отырыс өткізілді. 10 көтерме жеткізуші тексерілді, олардың екеуі ӘМАТ бағасын көтергені үшін ескерту алды.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7273 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3946
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2626
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3345
Forbes Video

Досым Сатпаев: Парламент как парк НУРского периода

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить