Астанада қар тазалауға 1200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды

 Елордада қар тазалауға 1 200-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі жазды.

Елордалық коммуналдық қызметтер қар күреу бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. 28 ақпан күні таңертең қаланы тазалауға 2 400-ден астам жол жұмысшы мен 1 200-ден астам арнайы техника шықты.

27 ақпаннан 28-іне қараған түні қаладан 31,9 мың текше метр қар шығарылды, бұл 2 300-ден астам ауыр жүк көлігін құрайды.

Қыс мезгілінің басынан бері елордадан 400 мыңға жуық рейс арқылы полигондарға 5,4 млн текше метр қар шығарылды.

Тұрғындардың қауіпсіз жүруі үшін күн сайын тротуарларға, жолдар мен алаңдарға құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызметкерлер тротуарлардың мұзын қолмен тазартады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
10977 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3946
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2626
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3345
Forbes Video

Рамиль Мухоряпов: как пережить отмену

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить