Қарағанды облысында үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін құрылыс салушыларға айыппұл салынды

Қарағанды облысында үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқаны үшін 13 құрылыс салушыға айыппұл салынды. Тағы екеуіне хабарлама жіберілді.

Үлескерлердің ақшасын рұқсатсыз 15 компания тартқан. Бұл ретте 28 ақпандағы жағдай бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 320-бабының 1-бөлігін бұзғаны үшін ("ҚР тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актісінің және ҚР тұрғын үй заңнамасының талаптарын бұзу") әкімшілік жауапкершілікке келесі құрылыс салушылар тартылды:

1. "КапиталСтрой-ХХІ" ЖШС, "Манхэттен" ТК.

2. "Sapa City" ЖШС, "Аспан" ТК.

3. "СМК Group" ЖШС, "Baiterek" ТК.

4. "АЛЬФиД" ЖШС, "Onyx" ТК.

5. "T-K Building" ЖШС, "Al-Farabi" ТК.

6. "TT INVEST" ЖШС, "ХАН" ТК.

7. "RGB GROUP" ЖШС, "Central Park" ТК.

8. "BMS Engineering" ЖШС, КТК (Балқаш).

9. "ORDA Minerals" ЖШС, "Inju City" ТК.

10. "Satti Lux Stroi" ЖШС, "Нұра" ТК.

11. "ККК Бетон" ЖШС, "Бақытты отбасы" ТК.

12. "Қарағанды Паркинг" ЖШС, "Құлагер" ТК.

13. "ADS Engineering" ЖШС, КТК (Балқаш).

– Үлестік құрылыс туралы заңды бұзғаны үшін 13 құрылыс салушыға сот шешімі бойынша әрқайсысына 300 АЕК айыппұл салынды. Тағы екі құрылыс салушыға ("Transexpo" ЖШС, "Самал" ТК және "Nomad City Krg" ЖШС, "КЖТ" ТК) хабарлама жіберілді. Олар да алдағы уақытта әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, – деді Қарағанды облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Айдын Смағұлов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12241 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4043
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2741
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3447
18 мая родились
Калмуханбет Касымов
экс-начальник Службы государственной охраны Республики Казахстан
Олжас Сулейменов
писатель, общественный деятель
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить