Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасы салынады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Түркістан облысы Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Нұржан Нұржігітов Түркістан облысында «Бәйдібек ата» су қоймасы салынатынын айтты. Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылысты осы жылдың соңына дейін бастауға ниетті.

Сондай-ақ, облыста суарудың үнемді жүйелерін дайындаумен және орнатумен айналысатын өзбекстандық OMAD Start компаниясының зауытын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы шаруалармен кездесуге қатысқан кәсіпорын басшысы Шахобиддин Каромов мәлімдеді.

Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнының жергілікті филиалының жұмысы туралы баяндаманы тыңдаған соң шаруалардың сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, Шардара су қоймасынан «Достық» магистральдық каналына дейін су жіберетін машина каналын жөндеуге, өңірдің ирригациялық каналдарын реконструкциялауға, бетондауға және тазартуға, Арал теңізін қалпына келтіруге, ИДЖЖ-3 жобасына (ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру) қосымша объектілерді қосуға және жекелеген каналдар бойынша су бағасының айырмашылығы туралы сұрады.

Сондай-ақ, шаруалар «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнын жетілдіру және стратегиялық маңызы бар нысандарды республикалық меншікке қайтару жөнінде ұсыныстар айтты.

Кездесудің ресми бөлігі аяқталғаннан кейін Нұржан Нұржігітов азаматтарды жеке қабылдады. Қоғамдық қабылдауда «Қазсушар» мекемесімен келісім-шарт талаптары, су ресурстары мониторингінің жерсеріктік технологияларды енгізу және суару арналары бойында сорғыларды орнату сияқты тақырыптар талқыланды.

«Мәселелердің негізгі бөлігі каналдар мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мен реконструкцияға қатысты екенін түсініп отырмын. Біздің министрлік ұзақ жылдар бойы жинақталған күрделі мәселелерді кезең-кезеңімен шешуге ниетті. Халықты біздің жұмысымыз және бастамаларымыз туралы уақтылы хабардар ету үшін министрлік, «Қазсушар» және жергілікті атқарушы органдар арасында тығыз байланыс орнату өте маңызды. Осы кездесуге уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Вегетация маусымы басталғаннан кейін суару жұмысының барысымен танысу үшін Түркістан облысына тағы келемін», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
12445 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3813
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2464
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3217
20 декабря родились
сооснователь Meridian Capital Limited
Forbes Video

Ляззат Ибрагимова: о росте цен на жилье и пенсионных накоплениях казахстанцев

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить