Қазақстанда бір кісіге сатылатын SIM картаның саны шектелуі мүмкін бе

Бүгін парламент мәжілісінде киберқылмыспен күрес тақырыбына арналған талқылауда елімізде бір кісіге сатылатын SIM картаның санын шектеу ұсынылды, деп хабарлайды Kazinform

«Павлодар облыстық полиция департаменті өкілдерімен кездескен едік. Олар SIM-карта (ұялы телефон нөмірлері) беруді шектеу керек деп ұсыныс айтты. Біздің қоғамда оны кез келген дүкеннен сатып алуға болады. Бір кісіге шексіз көп SIM-картаны сату мүмкіндігі бар. Кейбір елдердің тәжірибесіне қарасақ, тек байланыс операторының филиалынан сатып алуға рұқсат етіледі. Жекелеген дүкендер мұны сата бермейді. Осыған шектеу қойсаңыздар. Бір кісіге кем дегенде 2-3 SIM картадан артық берілмесе. Бұл үлкен көмек болады деп отыр полицейлер. Осы мәселені заң жүзінде қарастыруға бола ма?» - деп сұрады Мәжіліс депутаты Жарқынбек Амантайұлы.

Өз кезегінде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов SIM-карталарының санына шектеу керек емес екенін айтып, оның орнына абонентті сәйкестендіру тетігін енгізуді ұсынды.

«Өйткені шектеу болған кезде, бес SIM картадан тұратын квотасын басқа біреуге қайта сататын адамдар пайда болуы мүмкін. Сондықтан мемлекет жағынан қажетсіз шектеулер болмас үшін адамдарға идентификация жасап, содан кейін ғана SIM картаны іске қосуды ұсынамыз. Бұл ұсыныс қазір қарастырылып жатыр», - деді Р. Әбдіқалықов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13539 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3855
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2521
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3277
Forbes Video

Смертность от инсульта снижает казахстанский стартап

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить