Үкіметте жер сілкінісі мәселелері талқыланды

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов Үкімет отырысында Алматы қаласында болған жер сілкінісі жағдайы жөнінде сөз сөйледі.

ТЖМ басшысы басқару органдарының іс-қимылдарын үйлестіру жүзеге асырылғанын атап өтті.

Болған жер сілкінісі және одан әрі іс-әрекеттер туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ дүрбелеңді болдырмау үшін сөйлеу құлақтандыру жүйесі мен сиреналар, сондай-ақ жергілікті объектілік жүйелер іске қосылды, теле, радио ұстап қалу жүзеге асырылды.

384 азаматтарды қабылдау пункті ұйымдастырылды, тәулік бойы «Жедел желі» жұмыс істеуде.

Ғимараттардың қирағыны туралы мәлімет түскен жоқ, әкімдік оларды тексеруді жалғастыруда.

Бір уақытта сел қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізу үшін министрліктің тікұшақ техникасы жұмылдырылды.

Алгоритмға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері тартылды.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Өңірлерде сейсмикалық жағдай тұрақты.

20 ақпаннан бастап Алматы қаласында азаматтарды төтенше жағдайларға дайындау үшін ТЖМ орталық аппарат басшыларынан құрылған жедел топ жұмыс істеуде.

Жер сілкінісі кезіндегі азаматтардың іс-қимылдары туралы ауқымды ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, ол өз нәтижесін көрсетті. Бұл жолы халықтың көп бөлігі үрейге бой алдырған жоқ.

Жедел топ 8 мыңға жуық ауланы аралап, білім беру объектілерінде 650-ден астам сабақ өткізді және адамдар көп жиналатын орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратты. Министрлік профилактикалық жұмыстарды жалғастыратын болады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
14232 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3943
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2623
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3341
Forbes Video

Ректоры крупнейших частных вузов Казахстана о проблемах образования

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить