Баку мен Астана Әзірбайжан арқылы қазақстандық мұнай транзитін ұлғайту мүмкіндігін талқылауда

Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді.

Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті.

Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде жеткізу жоспарланған.

«Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, біз қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.

Энергетика министрлігінің басшылары Каспий теңізінің түбіне терең су кабелін төсеу арқылы Кавказ өңірі мен Орталық Азияның энергия жүйелерін қосуға бағытталған жобаны іске асыру бойынша алдағы жұмыстарды талқылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13548 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3942
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2620
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3341
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить