Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млн кВтсағ электр энергиясын импорттайды

Қырғызстан Қазақстаннан 1,5 млн кВтсағ электр энергиясын импорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан мен Қырғызстанның су шаруашылығы және энергетика ведомстволары басшыларының 2023 жылғы 25 тамыздағы су-энергетикалық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтарына сәйкес, Қазақстаннан Қырғыз Республикасына электр энергиясын жеткізу көлемі кестеге сай жүзеге асырылатын болады.

«ЖЭК бойынша РФО» ЖШС (электр энергиясын бірыңғай сатып алушы) мен «электр станциялары» ААҚ арасында Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесіндегі электр энергиясының профициті (артық) сағаттарында ғана экспорттық электр энергиясының жоспарлы көлемін сатуға шарт жасалды" делінген хабарламада.

Министрліктің мәліметіне сай, бұл электр энергиясын экспорттық жеткізу алдағы вегетациялық кезеңде елдің оңтүстік өңірлерін суармалы судың қажетті көлемімен одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Тоқтоғұл ГЭС-на судың қажетті деңгейін жинақтау үшін ғана жүзеге асырылады.

Бұл ретте, Қырғыз Республикасының энергия жүйесі ішінде электр энергиясын одан әрі бөлу Қырғызстан энергетиктерінің айрықша ішкі құзыреті болып табылатынын атап өткен жөн.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13099 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2739
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3445
16 мая родились
Владимир Божко
государственный деятель, экс-министр по ЧС
Forbes Video

Доктор Хегай – о лекарствах, лоббистах и недостатках медицины Казахстана

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить