Геннадий Головкин қазақстандық боксшылармен кездесті

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Бусто-Арсициода бокстан Қазақстан ерлер және әйелдер командасымен кездесті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазіргі таңда қазақстандық боксшылар Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысып жатыр.

ҚР ҰОК басшысы Италияға арнайы келіп, бүгін бейресми жағдайда спортшылармен кездесті. Ол іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында өз кеңесімен бөлісіп, қолдауын көрсетті.

"Мен мұнда біздің командамызға қолдау көрсету үшін келдім. Мен де кезінде сіздердің орныңызда болған қарапайым адам екенімді көргендеріңізді қаладым.

Қазір әрқайсыңызда үлкен жауапкершілік тұр. Міне, осының бәрін қабылдай білу қажет. Шаршы алаңда үш раунд бойы бар күшті салып, мүмкіндікті жібермеу керек. Қазақ бокс мектебі әлемдегі ең мықты мектеп саналады. Сондықтан бізге бұл дәстүрді жалғастыру үшін аянбау керектігін ұмытпайық.

Біз бәріміз бір командамыз! Мен үнемі сөздермен біргемін, әрдайым қолдауға дайынмын", - деді Головкин бапкерлер мен боксшылар қауымына.

Ол командалық рухты жоғалтпай, әрдайым ауызбіршілікте болып, бір-біріне қолдау көрсетіп, Қазақстан намысын абыроймен қорғауға тілектестік білдірді.

"Бізге қолдау көрсетіп, рухымызды көтергеніңіз үшін алғысымыз шексіз. Сізді көргеніміз үшін шын жүректен қуаныштымыз. Біздің мақсатымыз бір - еліміз үшін лицензия алу. Алдағы басты мақсатымыз айқын, қолымыздан келгенше аянып қалмаймыз", - деді ерлер командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7047 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3941
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2620
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3340
Forbes Video

Алишер Еликбаев — о репутации, олигархах, доходах в кризис, провалах в бизнесе

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить