CerebraAI стартапы Сауд Арабиясында $150K Community LEAP сыйлығын жеңіп алды

LEAP Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтетін әлемдегі ең ауқымды технологиялық іс-шара. Биыл Корольдіктің Байланыс және ақпараттық технологиялар министрлігі (MCIT) және Misk қорымен бірге Сауд Арабиясының Ұлттық технологияларды дамыту бағдарламасы (NTDP) байқауда төрт сарапшы төрешіні тағайындап, алты номинация бойынша марапат табыс етті. «AI Awards» санатындағы үздік жоба атағын қазақстандық CerebraAI стартапы жеңіп алды. Жоба креативтілік, инновация, ауқымдылық және өсу әлеуеті, функционалдылық және салаға әсер ету критерийлері бойынша бағаланды. Бағалаудың маңызды аспектісі – қоғамға қосар практикалық пайдасы. Жартылай финалға қатысу үшін барлығы 100 стартап іріктелді. Гранд финалға 12 қатысушы жолдама алып, оның 6-ы ақшалай сыйлықпен марапатталды. CerebraAI жасанды интеллектті жүйелі және инновациялық жолмен пайдаланғаны үшін 150 000 доллар алды.

Фото: архив пресс-службы

CerebraAI – инсультті уақтылы анықтауға арналған Қазақстандық жасанды интеллект. Жоба күрделі мәселені көтереді - инсульт әлемдегі өлім-жітімнің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Команданың инновациялық шешімі дәрігерлерге заманауи технологияларды пайдалана отырып, мүмкіндігінше жылдам және дұрыс диагноз қоюға көмектесу үшін жасалған.
 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6272 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3942
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2620
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3340
Forbes Video

Кунсулу Закарья: Биолаборатории, новый всплеск ковида и учёные без денег

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить