Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Сиань қаласынан Апшеронға келген контейнерлі пойызды күтіп алды

Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Сиань қаласынан Апшеронға контейнерлі пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Сиань қаласындағы Қазақстан мен Қытайдың жаңа көлік-логистика орталығынан шығып, Транскаспий халықаралық көлік бағытымен (ТХКБ) Апшерон станциясына контейнерлі блок-пойыздың келуіне орай ұйымдастырылған салтанатты шараға телекөпір арқылы қатысты.

Бұған дейін биыл 28 ақпанда Сианьда Қазақстан терминалы ашылып, Қытай – Қазақстан – Әзербайжан бағыты бойынша алғашқы пойыз жолға шыққан болатын.

Мемлекет басшысы салтанатты шарада сөйлеген сөзінде қазіргідей жаһандық геосаяси тұрақсыздық жағдайында Еуразияның жаңа көлік-логистика жүйесі құрылып жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл процесте Қазақстан мен Әзербайжанның тығыз әрі табысты ынтымақтастығы басты рөл атқарады. Бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің сауда-экономикалық әлеуеті нығайып келеді.

Президент Ильхам Әлиев көлік саласы қызметкерлерін осы айтулы оқиғамен құттықтады. Сондай-ақ Қазақстан мен Әзербайжан ынтымақтастықтың көптеген бағыты, соның ішінде көлік-транзит саласындағы ықпалдастықты нығайту үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Салтанатты шара соңында екі ел басшылары бірлесе жемісті жұмыс атқарғаны үшін қазақстандық және әзербайжандық мамандарға ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
6146 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3941
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2620
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3340
Forbes Video

MMA в Казахстане: как заработать на боях?

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить