Ақтауда «Өзенмұнайгаз» АҚ директорының бұрынғы орынбасары сотталды

Ақтау қалалық сотында «ӨзенМұнайГаз» АҚ директорының бұрынғы орынбасары Ермек Қарамырзаевқа үкім шығып, алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі тергеушілер күдікке ілінген лауазым иесіне салғырттық салдарынан ауыр зардаптарға әкелген (ҚК 371-бабының 2-бөлігі) және заңды кәсіпкерлік қызметке аса ірі мөлшерде кедергі келтіргені (ҚК 365-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы) үшін деп айып таққанын мәлімдеді.

Сот барысында айыпталушы Ермек Қарамырзаевтың «Өзенмұнайгаз» АҚ директорының мұнай және газ өндіру жөніндегі орынбасары қызметіп атқарып, сонымен қатар компанияның конкурстық комиссиясының төрағасы бола тұра, бұрғылау жұмыстарына тендер өткізу кезінде белгілі бір компанияның мүддесін қорғау арқылы басқа компанияға зиян келтіргені анықталды.

«Сотталушы Ермек Қарамырзаев «К» ЖШС жеңімпаз деп танылған 2023 жылғы 20 наурыздағы тендер қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоймай, былтыр 29 наурызда дәл сол лоттар бойынша тендер өткізу туралы заңсыз шешім қабылдаған. Е.Қарамырзаев өз әрекетінің заңсыздығын түсініп, «А» ЖШС-нің өтініші әлеуетті өнім берушілердің талаптарына сәйкес келмейтінін біле тұра, өз өкілеттіктерін «А» ЖШС-нің мүдделерін қолдау мақсатында пайдаланып, 29 наурызда қайталама жиналыс өткізіп, нәтижесі бойынша барлық 4 лот «А» ЖШС аукциондарына жіберу туралы шешім қабылдаған. Конкурс қорытындысы бойынша бағаны барынша төмендеткен «А» ЖШС жеңімпаз деп танылып, қызметтердің жалпы құны 2,7 млрд теңгеден астам сомаға төмендетілген», - деп жазылған қалалық сот таратқан хабарламада.

Сонымен қатар компания директорының орынбасары болған Ермек Қарамырзаев «Өзенмұнайгаз» АҚ мен «Ақтау мұнай сервистік компаниясы» ЖШС арасында жасалған сорғы және компрессорлық құбырларды жалға беру туралы шарт талаптарының орындалуын тексермей, орындалған жұмыстар туралы актілерге қол қойып, 21 749 456 млн.теңге сомасындағы жалдау ақысын төлеуден ұстау шараларын қолданбай салғырттық танытқаны белгілі болып отыр.

Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен басқа да іс материалдарымен дәлелденген. Бұл ретте прокурор Ермек Қарамырзаевты жасаған қылмыстары үшін кінәлі деп танып, жеті жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ал сотталушы кінәсін мойындаудан бас тартып, өзін ақтауды сұрады.

«Сот үкімімен айыпталушы Ермек Қарамырзаев ҚК-тің 371- бабының 2-бөлігі, 365-бабының 3-бөлігі 2-тармағы, 58-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оны өмір бойы мұнай-газ саласындағы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Сот үкімі шыққанымен әзірге заңды түрде күшіне енген жоқ.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
4258 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 4039
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2738
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3441
14 мая родились
Бахытбек Байсеитов
крупный участник АО «Банк ЦентрКредит»
Forbes Video

Еркин Татишев: про победу в конкурсе, январские события, образование и проблемы бизнеса

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить