Ұлыбританияның өнеркәсіп және экономикалық қауіпсіздік министрі Нусрат Гани мен Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан маңызды минералдар бойынша Жол картасына қол қойды. Қол қою Лондонда қазақстандық делегацияның сапары кезінде өтті.
Құжатта 2023 жылы наурызда Ұлыбританияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің сапары кезінде маңызды минералдар саласындағы стратегиялық серіктестік туралы меморандумда қойылған мақсаттарға жету үшін нақты міндеттер көрсетілген.
Маңызды пайдалы қазбаларды тұрақты жеткізу тізбегін ілгерілетуге, жаһандық жеткізу тізбегінің тұрақтылығын арттыруға және Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы зерттеулер мен инновациялар саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағдарланған жол картасы ынтымақтастық үшін нақты жоспарын белгілейді.
Қол қойылғаннан кейін қазақстандық делегация маңызды минералдар өндіретін британдық компаниялар мен жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру мекемелеріне танысу сапарына аттанды. Мақсаты - аса маңызды минералдарды өңдеу саласындағы іскерлік ынтымақтастық үшін мүмкіндіктерді анықтау, Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы технологиялармен бөлісу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығына жәрдемдесу болып табылады. Сапар аясында делегация Cornish Lithium, Imerys British Lithium, Британдық геологиялық қызмет, Green Lithium, Материалдарды өңдеу институты, Alloyed және басқа ұйымдармен кездеседі.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан басқарады, оның құрамына ұлттық технологиялық болжау орталығының, Қазақстан Ұлттық геологиялық қызметінің және бизнестің өкілдері кіреді.
Ұлы мәртебелі Бас консул және Ұлы Мәртебелі Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы сауда комиссары Кенан Полео: " Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы маңызды минералдар жол картасына қол қойылғанына өте қуаныштымын, бұл біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың аса маңызды кезеңі болып табылады. Қазақстандық кәсіпорындар және ұйымдармен бірлескен күш-жігердің арқасында біз екі еліміздің игілігі үшін 21 ғасырдың тау-кен өндіру секторының негізін қалаймыз. Мен бұдан әрі не болатынын асыға күтемін!’
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»