Қазақстан Ұлттық банкі 2024 жылғы 14 наурыздан бастап «Сиқырлы нышандар» сериясынан коллекциялық AI•KÚN және «Қар барысы» монеталарының кәдесыйлық блистер жинағы сатуға шығарылатынын хабарлайды.
AI•KÚN коллекциялық монеталары күмістен дайындалған. Металл сынамасы – 925/1000. Монеталардың өзі жоғары бедерлі, алтын жалату және екі жақты тотығу технологиялары қолданылған. Монета массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – black proof, номиналы – 500 теңгелік. Таралымы – 3 000 (үш мың) дана.
Монета бейнесі

«Қар барысы» кәдесыйлық блистер жинағы ұлттық валюта – теңгенің айналыстағы монеталарының номиналды қатарынан тұрады. Таралымы – 30 000 дана.
Монета жинағының бейнесі

Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»
