Мемлекет басшысы бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

Президентке еліміздегі заңдылықтың жай-күйі және қадағалау қызметінің басым бағыттарына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа құқықтық көмек көрсету және шетелде жасырынған қылмыскерлерді іздестіру жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың нәтижелері баяндалды. Бірқатар резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталып, сот төрелігін жүзеге асыру үшін Қазақстанға қайтарылды.

Мемлекет басшысына активтерді қайтару мәселесі бойынша Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЭЫДҰ және ЕҚЫҰ сияқты беделді халықаралық ұйымдармен өзара түсіністікке қол жеткізілгені жайында мәлімет берілді.

Берік Асыловтың айтуынша, ел экономикасына 2,7 триллион теңге салған 220 инвесторға құқықтық көмек көрсетілген. Аталған жұмыстың нәтижесінде инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімі арта түсті. Кездесу барысында тікелей инвестиция тарту бойынша өңірлерде атқарылып жатқан істердің нақты мән-жайы қарастырылды.

Сонымен қатар президентке еліміздегі криминогендік ахуал және қылмыстық-құқық саласындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде заңдылықты одан әрі нығайту және азаматтарды, соның ішінде кәсіпкерлерді қылмыстық элементтерден қорғау шараларын қабылдауды тапсырды.

Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларға қатысты уәкілетті органдардың шешімдері бойынша «прокурорлық сүзгіні» тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Осы орайда президент аталған органдардың тартылатын инвестиция туралы деректерінің дұрыстығына бақылауды және жауапкершілікті күшейту қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздеуге және қайтаруға бағытталған заманауи технологияларды кеңінен қолдану керек екенін атап өтті.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
8314 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Как спроектировать организацию, Или что значит систематизация бизнеса
Прежде чем приступать к систематизации, посмотрите на культуру, которая царит в компании
5 мин. 3939
The “Billions to Trillions” Charade
A growing number of commentators argue that governments and multilateral lenders alone cannot meet developing countries’ financing needs
5 мин. 2619
Уровень свободы в мире снижается пятый год подряд
Лишь пятая часть населения планеты проживает в странах, признанных свободными
3 мин. 3338
Forbes Video

Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan

Обсуждаемые в Соцсетях
Самые Читаемые

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить